Мазмұнға өту
Ата-аналарға арналған бет

Балаңыздың ҰБТ-ға дайындығы көз алдыңызда

Курс қалай өтеді, прогресті қайдан көресіз, төлем мен қайтару қалай реттеледі - бәрі бір бетте. Сұрақ болса, менеджер WhatsApp-та жауап береді.

  • Ментор әр конспектіні тексереді
  • Апта сайын зачет пен тест
  • Ай соңында қорытынды

Прогресті қалай көресіз

Оқушының әр әрекеті платформада баллмен және мәртебемен белгіленеді. Мұның бәрін оқушы өзінің жеке кабинетінде көреді.

  • Рейтинг

    Видеосабақ, тест, конспект, зачет және эфир үшін балл жиналады - оқушы топтағы орнын көреді.

  • Сабаққа қатысу

    Әр эфирде белгі қойылады: камерамен, камерасыз немесе келмеді.

  • Ментор пікірі

    Ментор конспектіге және апта қорытындысына пікір жазады.

  • Ай қорытындысы

    Ай соңында айлық тест пен ҰБТ сынағының нәтижесі шығады.

Балл неден жиналады

Рейтинг жүйесі тұрақтылықты бағалайды: күн сайын видеосабақ көріп, конспект жазып, апта сайын зачет тапсырған оқушы жоғары көтеріледі.

  • +20әр видеоның кем дегенде 85%-ын көргені үшін
  • 0-20тақырыптық тест: нәтиже пайызына сай балл
  • +5ментор қабылдаған әр конспект үшін
  • 0-20апталық зачет, ментор бағалайды
  • +20 / +10тікелей эфирге камерамен / камерасыз қатысу

Төлем және қауіпсіздік

  • Kaspi арқылы төлем

    Төлем Kaspi қосымшасы арқылы өтеді.

  • Жария оферта

    Төлем жасаған кезде офертаны қабылдайсыз. Офертада төлем шарттары, оқу ережелері мен қайтару тәртібі жазылған.

  • EDUCON кітаптары

    Онлайн курсқа таңдалған пәндер бойынша кітаптар қосылады. Тізімі мен бағасы - офертаның қосымшасында.

  • Ақшаны қайтару

    Өтініш соңғы төлемнен кейін 14 күнтізбелік күн ішінде берілсе, қаралады. Онлайн курс потоктың бірінші эфирінен, видеосабақтар қолжетімділік ашылған сәттен бастап көрсетілген қызмет болып саналады. Өтініш үлгісі - офертаның қосымшасында.

  • Ментор мен мұғалім туралы сауалнама

    Оқушы сауалнамада ментор мен мұғалімге баға береді, олар оның жауаптарын көрмейді.

  • Заңды тұлға

    «EDUCON» ЖШС, БСН 161140012289, Алматы.

Жария офертаны оқу

Ата-аналардың сұрақтары

Баланың оқып жатқанын қалай білемін?

Оқушының кабинетінде топ рейтингі, апталық баллдар, эфирге қатысу белгілері және ментордың пікірі көрінеді. Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp-қа жазыңыз: +7 700 308 16 16.

Сабақтар қай уақытта өтеді?

Видеосабақтар 24/7 қолжетімді, кез келген уақытта көруге болады. Мұғаліммен тікелей эфирлер аптасына 2 рет өтеді, кесте - оқушы кабинетіндегі «Сабақ кестесі» бөлімінде.

ҰБТ-ға дайындық қанша тұрады?

Баға пакетке (видеосабақтар, 10 немесе 11-сыныпқа арналған онлайн курс) және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: осы беттегі формада өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Курстан қалай бас тартып, ақшаны қайтарамын?

Офертаның қосымшасындағы үлгі бойынша өтінішті толтырып, оның скан нұсқасын dostyqonlinekz@gmail.com поштасына жіберіңіз. Өтініш соңғы төлемнен кейін 14 күнтізбелік күн ішінде берілсе ғана қаралады, шешім өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Сондай-ақ қараңыз

Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз - менеджер WhatsApp арқылы хабарласып, пән мен тарифті таңдауға көмектеседі.

Немесе жазыңыз: WhatsApp +7 700 308 16 16