Көмек және платформаға кіру
Dostyq Online кабинетіне қалай кіру, құпия сөзді қалпына келтіру, төлем, промокод және сабақтар туралы жауаптар.

Кабинетке кіруКіруҚұпия сөзді ұмыттыңыз ба?
Жиі кездесетін тақырыптар
Кабинетке кіру
- dostyq.online сайтында «Кіру» батырмасын басыңыз.
- Пошта, телефон немесе логин және құпия сөзді енгізіңіз.
Құпия сөзді ұмыттым
- Мектептің WhatsApp-ына жазыңыз: +7 700 308 16 16.
- Мектеп қызметкері жаңа уақытша құпия сөз жасайды, алғаш кіргенде жүйе өз құпия сөзіңізді ойлап табуды сұрайды - кемінде 6 таңба.
Уақытша құпия сөз
- Төлемнен кейін сіз көрсеткен телефон нөміріне WhatsApp арқылы логин мен уақытша құпия сөз жіберіледі.
- Алғаш кіргенде жүйе жаңа құпия сөз сұрайды: кемінде 6 таңба, уақытша құпия сөзден өзгеше.
Төлем
- Төлем Kaspi қосымшасы арқылы өтеді: тапсырыс беру кезінде QR-кодты сканерлеңіз.
- Төлемнен кейін жеке кабинетке кіру ашылады.
Промокод
- Промокодты тапсырыс беру бетіндегі өріске енгізіңіз.
- Баға промокодты ескеріп қайта есептеледі; код табылмаса, «Промокод табылмады» деген хабарлама шығады.
Сабақтар мен эфирлер
- Видеосабақтар кабинетте кез келген уақытта ашық.
- Тікелей эфирлер аптасына 2 рет өтеді: уақыты мен сілтемесі - кабинеттегі «Сабақ кестесі» бөлімінде.
Сұрақтар мен жауаптар
Логин мен құпия сөзді қайдан аламын?
Төлемнен кейін сіз көрсеткен телефон нөміріне WhatsApp арқылы логин мен уақытша құпия сөз жіберіледі. Хабарлама келмесе, бізге WhatsApp-қа жазыңыз: +7 700 308 16 16.
«Логин немесе құпия сөз дұрыс емес» деп шығады
Пошта, телефон немесе логин мен құпия сөздің қатесіз және артық бос орынсыз енгізілгенін тексеріңіз. Құпия сөз ұмытылса, бізге WhatsApp-қа жазыңыз: мектеп қызметкері жаңа уақытша құпия сөз жасайды.
Тест кезінде AI ментор неге жабық?
Тест жүріп жатқанда AI ментор тест біткенше жабық тұрады. Тест аяқталған соң ол қайтадан қолжетімді болады.
Сауалнаманы неге толтыру керек?
Сауалнама шамамен 2 минут алады. Ашық сауалнамаға жауап бермейінше, кабинет сабақты жалғастыру үшін жауап беруді сұрайды. Ментор мен мұғалім сіздің жауаптарыңызды көрмейді.
Келесі сабақ неге жабық?
Тақырыптар кезекпен ашылады: алдыңғы видеоны 85%-дан жоғары көріп, алдыңғы тесттен 70%-дан жоғары жинау керек. Тестті шектеусіз қайта тапсыруға болады.
Жауап таппадыңыз ба?
Менеджерге жазыңыз - кіру, төлем немесе сабақ туралы көмектесеміз.
WhatsApp: +7 700 308 16 16Қоңырау: +7 707 422 19 19