Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «EduCon» жарғы негізінде әрекет ететін директоры Абдираимов Тимур Оспанбекович, заңды мекен-жайы: Алматы қ.,Әуезов ауданы, 4 мөлдек ауданы, 11 осы жария Офертамен кез келген жеке тұлға (бұдан әрі мәтін бойынша - «Тапсырыс беруші») кәмелетке толмаған Білім алушыға ҰБТ-ға дайындық пәндері бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Оферта шартын (бұдан әрі мәтін бойынша - «Шарт» және/немесе «Оферта») жасауды ұсынады.
Осы құжат ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасауға жария оферта болып табылады және ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың талаптарын қамтиды.
Осы құжат Орындаушының кез-келген адамдарға қатысты жасаған жария Офертасы болып табылады. Осы Оферта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395–396 – баптың (бұдан әрі мәтін бойынша - “ҚР АК”) жария оферталарға қойылатын талаптардың барлық елеулі шарттарды қамтиды және осы оферта Орындаушының осы Офертада көрсетілген талаптарға шарт жасауға ерік білдірілген кез келген адамның ерікті білдіруі.
Осы Офертаны акцептеу – Жеке тұлғаның келісімі болып табылады және ол Орындаушының белгілеген рәсімге сәйкес тіркеуден өтіп, авторизация жасау арқылы жүзеге асырылады. Акцепт автоматтандырылған тәртіпте «Пайдаланушы келісімінде көрсетілген барлық шарттармен келісемін» деген сөздердің жанындағы арнайы белгіні (құсбелгі) қою арқылы расталады.
1. Шарттың мәні
1.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің таңдаған пәндеріне сәйкес Білім алушыға қашықтықтан оқыту нысанындағы білім беру курсын ұйымдастыруға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы қызметтерді қабылдап, осы Офертамен көзделген шарттарда оларды төлеуге міндеттенеді. Қызметтердің құрамына мыналар кіреді:
- онлайн-тестілеу арқылы білім алушылардың білім деңгейін анықтау;
- бейнесабақтарды, онлайн-сабақтарды және тест тапсырмаларын ұсыну;
- тақырыптық талдау жүргізу және қателермен жұмыс жасау;
- білім алушылардың оқу процесін мониторингілеу.
1.2. Тапсырыс беруші Білім алушының заңды өкілі болып табылатынын және оның өкілеттіктері сот шешімімен немесе заңды күші бар өзге құжатпен шектелмегенін кепілдендіреді.
1.3. Тапсырыс беруші Білім алушының Орындаушының ішкі ережелерінде белгіленген тәртіптік және өзге де талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2. Қызмет көрсету құны және төлем тәртіпі
2.1. Қызметтердің құны Орындаушының ішкі бағалар прейскурантына (Қосымша №2) сәйкес айқындалады.
2.2. Қызметтер Тапсырыс беруші тарапынан алдын ала, оқу басталғанға дейін, таңдалған пакет пен пәндер бойынша төленеді. Төлем таңдалған курс бойынша оқу мерзімінің толық кезеңіне жасалады.
2.3. «Онлайн Курс» құнына сондай-ақ Тапсырыс берушіге оқу кітаптарын беру кіреді, олардың тізбесі мен құны осы Офертаның № 2 Қосымшасында көрсетілген. Орындаушы Тапсырыс берушіге қосымша ақысыз, бонус ретінде математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бойынша онлайн-сабақтарға қолжетімділікті ұсынуға құқылы. Аталған онлайн-сабақтар негізгі Қызметтердің құрамына кірмейді, Орындаушының қалауы бойынша ұсынылады және оларды ұсыну өзгертілген, тоқтатылған немесе тоқтатылған жағдайда бөлек ақы төлеуге, өтемақыға немесе қайта есептеуге жатпайды
2.4. Курс төлемі жасалған кезде Тапсырыс берушіге берілген оқу кітаптары қайтарылуға жатпайды. Оферта бұзылған жағдайда олардың құны қайтарылмайды және Тапсырыс берушіге қайтарылатын жалпы сомадан ұсталады.
3. Офертаны акцептеу тәртібі және шарт жасасу
3.1. Тапсырыс беруші осы Офертаны акцептеген болып саналады, егер ол Орындаушының қызметтерін таңдап алған пакетке сәйкес төлеген жағдайда.
4. Қызметтерді көрсету шарттары
4.1. Тапсырыс беруші төмендегі ережелерін орындауға міндеттенеді:
4.1.1. тіркеу сәтіне дейін Келуші Шарттың талаптарымен танысуға міндетті, тапсырыс беруші Шартта баяндалған талаптармен келіспеген жағдайда, ол Орындаушының Сайтында/Платформада тіркелуден өтпеуге, төлем жүргізбеуге және (немесе) Орындаушы ұсынатын қандай да бір қызметтерді алмауға тиіс.
4.1.2. Тапсырыс берушінің тіркеу кезінде енгізетін деректері сенімді болуы тиіс, және Тапсырыс беруші енгізілген деректердің сенімді мен дұрыстығы үшін дербес жауапты болады;
4.1.3. Егер Тапсырыс беруші Сайтқа/Платформада тіркеген кезде құпиясөзді енгізу талап етілетін болса, онда Тапсырыс беруші өз құпиясөзінің құпиялылығын сақтауға дербес жауапты болады;
4.1.4. Аккаунтты және (немесе) Тапсырыс берушінің паролін рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, соңғысы бұл туралы Орындаушыны дереу хабардар етуге міндеттенеді. Орындаушы Тапсырыс берушіге оның аккаунтын және (немесе) паролін рұқсатсыз пайдалануға байланысты келтірілген кез келген залалдар үшін жауапты болмайды;
4.1.5. сайтты пайдаланған кезде Тапсырыс берушіге Орындаушының сервер ресурстарына, жеке есепке алу және басқа Тапсырыс берушінің басқа деректеріне, сондай-ақ Интернет желісі арқылы қолжетімді кез келген басқа деректерге рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған кез келген әрекеттерге тыйым салынады.
4.1.6. Тапсырыс берушімен сайтты/платформаны пайдалану және (немесе) Орындаушының қызметтерін пайдалану тек заңды мақсаттар үшін және заңнамаға сәйкес заңды тәсілдермен жүзеге асырылуы тиіс.
4.1.7. Тапсырыс беруші Орындаушы енгізетін Шарт талаптарындағы өзгерістерді өз бетінше қадағалайды.
4.2. Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша Орындаушы қашықтықтан жеке және/немесе топтық сабақтар өткізу жолымен қызмет көрсетеді.
4.3. Қызметтерді көрсету (сатып алу) шарттары-қызметтерді көрсету үшін Тапсырыс беруші тапсырысты рәсімдейді, Тапсырыс бойынша бір қызмет немесе қызметтер көрсетіледі.
4.4. Тапсырыс беруші (Оқушы) төмендегі ережелерді орындауға міндеттенеді:
- Бекітілген оқу жоспар бойынша барлық тапсырмаларды шынайы әрі талапқа сай, уақытылы орындауға; (Белгілі бір себептермен тапсырмаларды орындай алмаса, сабаққа қатыса алмаса, алдын-ала ескерту, ал ұзақ мерзімді жағдайда (жарыс, денсаулық жағдайы т.б себептермен) ата-анасына өтініш жаздырып кураторға жіберу)
- Директор, мұғалім, бақылаушы, менеджер, кураторлармен, басқа оқушылармен сыпайы сөйлесуге, пікіріне құрметпен қарауға, ватсап чаттарда, жиналыстарда мәдениеттілік сақтауға;
- Тапсырмаларды жеке өзі орындауға, түсініксіз болған жағдайда тек куратордан көмек сұрауға, өзге адамдардан, яғни оқушылардан көмек сұрамауға;
- Жұптық жұмыс жасау барысында алдын-ала уақытпен келісу, ол оқушы қулық жасаса немесе үй жұмыстарының шығарылу жолын сұраса бірден кураторға немесе бақылаушыға ескертуге;
- Курсты аяқтаған соң, нәтижені жария мақсатында Қаңтар, Наурыз және Нақты 2 ҰБТ үшін ТЖК және ЖСН номерлерін беруге, оған қоса сертификатты беруге және оны курстың атынан жариялауға;
- Бақылаушы, куратор немесе оқушымен мәселе туындаған кезде ата - ананы араластырмауға, мәселені өзара шешуге;
- Курс директорларына сабақ туралы сұрақ қойып жазуға болмайды, оны біріншіде өз кураторынан сұрауға, жауап болмаған жағдайда академиялық директорге, ол болмаған жағдайда ғана шығуға;
- Курс материалдарын (база, үй жұмысы) өзге адамдарға таратпауға,
- Егер сондай жағдай орын алса, заң жүзінде қарастырылуға;
- Егер тапсырманы куратор шынайы немесе қате тексерсе, рейтингін дұрыс балл қоймаса, оқушыға уақытылы жауап бермей, дұрыс байланыс орнатпаса дәлелмен бақылаушыға немесе директорға айтып, түзетуді талап етуге;
- Тікелей эфирдегі сабақтарда камера ашып, тыныштық сақтап, тік отыруға;
- Сабақ тапсыру кезінде камера ашып, артынан фон қоймай, еш жерден қарамай талапқа сай отыру керек.
- Мұғалім, бақылаушы немесе кураторларға минус айтып дұрыс анық- қанығын біліп көз жеткізіп алуға;
- Сағат 23:00-ден кейін курс қызметкерлерін мазаламауға;
- Курс аясында сабақ құралы емес, мұғалімді жамандауға, жарнамалауға, саясат, дін туралы әңгімелер айтуға;
4.5. Төмендегі тыйым салынған жағдайлар орын алса, оқушы курстан шығарылады:
- Директор, мұғалім, бақылаушы және кураторларға сыйластық танытпаса;
- Тікелей эфирде, жұптық жұмыста, сабақ тапсыруда мәдениетсіздік танытып, дөрекілік көрсетсе;
- «Dostyqonline» курсының материалдарын өзге адамдарға таратса;
- Сабақ тапсыру кезінде дөрекі, балағат сөздерді айтса, «дайын емеспін, нөл қоя салыңыз» десе және себепсіз жоқ болып кетсе, ондай кезде оқушы курстан бірден шығарылады.
5. Тапсырыс беруші 5 рет себепсіз сабаққа қатыспаса, тапсырмаларды орындамай жауапсыздық жасалса, кураторлық бақылаудан алынады.
5. Ақша қаражатын қайтару негіздері мен тәртібі
5.1. Пайдаланушының ақшалай қаражатты қайтару туралы өтініші Орындаушы тарапынан тек Пайдаланушы соңғы төлемді (Курсқа) жасаған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кешіктірілмей берген жағдайда ғана қарастырылады. Төлем жүргізілгеннен кейін «Видео» сабақтарға қолжетімділік Пайдаланушыға дереу беріледі. Көрсетілген материалдарға қолжетімділік ашылған сәттен бастап қызмет көрсетілген болып есептелетіндіктен, айлық қызметтің құны қайтарылмайды, оның ішінде төлем жасалған күннен кейін 14 күн өтпеген жағдайларда да.
5.2. Төлем жүргізілгеннен кейін Пайдаланушы потоктың басталуын күтеді. Осыған байланысты «Онлайн-курс» қызметі тиісті потоктың сабақ кестесіне сәйкес алғашқы тікелей эфир сабағына қосылған сәттен бастап көрсетілген болып есептеледі. Сондықтан «Онлайн-курс» қызметі бойынша қайтарым бірінші тікелей эфир сабағы басталған күннен бастап есептеледі, Заказшы сабаққа нақты қатысқанына немесе қатыспағанына қарамастан.
5.3. «Видео» сабақтары немесе «Онлайн-курс» басталған күннен бастап Пайдаланушы видео сабақтарды өз бетінше қарауға немесе тікелей эфир сабағына қатысуға міндетті. Куратор Клиентке ескерту жасауға немесе қосымша хабарламалар жіберуге міндетті емес.
5.4. Кітаптың құнын қайтару тек төлем жасалған күннен бастап 14 күн өтпеген жағдайда және кітаптың тауарлық түрі бұзылмаған кезде ғана жүзеге асырылады.
5.2. Пайдаланушы, осы офертаның 5.1-тармағының ережелерін ескере отырып, ақшалай қаражатты қайтару үшін міндетті:
5.2.1. №1 Қосымшаға сәйкес өтінішті толтыруға;
5.2.2. Өтініштің скан нұсқасын Орындаушының электрондық поштасына жіберуге: dostyqonlinekz@gmail.com
5.3. Ақшалай қаражатты қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп пен негіздерге сәйкес жүзеге асырылады.
5.4. Пайдаланушы жіберген өтініш Орындаушы тарапынан Қоғамдық офертаның 5.2.2-тармағында көрсетілген электрондық поштаға өтініш түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
5.5. Қоғамдық офертаның 5.4-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде Орындаушы Пайдаланушыға өтінішті қанағаттандыру/мақұлдау немесе бас тарту туралы шешімді өтініш жолданған электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы ұсынады. Ақшалай қаражатты қайтару Орындаушы тарапынан өтініште көрсетілген деректемелер бойынша өтініштің мақұлданған күнінен бастап 10 (он) банк күні ішінде жүзеге асырылады.
5.6. Шартты Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзу жағдайында Орындаушы көрсетілген қызметтердің нақты құны шегерілген соманы қайтарады. Бұл ретте ақшалай қаражатты қайтару осы Офертаны акцептеу кезінде Тапсырыс берушіге берілген жеңілдіктерді және (немесе) артықшылықтарды ескерусіз жүзеге асырылады. Қызметтердің құны жеңілдіктер қолданылмаған базалық (толық) құн негізінде есептеледі.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Офертамен реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
6.2. Осы Офертаның қандай да бір ережесінің жарамсыздығы оның өзге талаптарының жарамсыздығына әкеп соқпайды.
6.3. Орындаушы Шарт талаптарының бұзылуына, егер мұндай бұзу форс-мажор жағдайларының (табиғи апаттар, эпидемиялар, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. шектелмей) салдарынан туындаса, жауапты болмайды.
6.4. Сотқа дейінгі дауды реттеу шеңберінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жері бойынша қаралады.
Оферта қосымшалары (қайтаруға өтініш, кітаптар тізімі мен құны, қызметтер туралы мәліметтер) - PDF файлында.