Мазмұнға өту
Міндетті пән · барлық мамандықтарға

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға онлайн дайындық

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындық 0-ден: ҰТО спецификациясы бойынша 20 тапсырма, 7 бөлім, 55 тақырып. Қазақстан тарихы бойынша видеосабақтар ежелгі кезеңнен басталады және Dostyq Online курсында бар.

тапсырма ҰБТ-да
20
балл ең жоғары
20
спецификация бөлімі
7
спецификация тақырыбы
55

Кімге арналған

  • 10-11-сынып оқушыларына: пән толық оқу мерзіміне түсетіндердің бәріне міндетті
  • Шығармашылық мамандықтарға түсетіндерге: олар Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығынан ҰБТ тапсырады
  • Қазақстан тарихын 0-ден немесе ежелгі кезеңнен қазіргі заманға дейін жүйелеп қайталағысы келетіндерге

Нәтиже

  • Тест құрылымы түсінікті: 20 тапсырма (10 контекстсіз тапсырма және 5 тапсырмадан тұратын 2 контекст), қиындықтың үш деңгейі (А, В, С)
  • Контекстік тапсырмалар нені тексеретіні белгілі: құжаттағы тарих, тарихи тұлғалар, тарихи карталар мен схемалар
  • Ең төменгі балл түсінікті: шекті өту балы үшін Қазақстан тарихынан кемінде 5 балл жинау қажет (20 баллдан)

Курс бағдарламасы

ҰБТ-дағы Қазақстан тарихы тақырыптары ҰТО-ның «2026 жылдан бастап қолдану үшін» спецификациясы бойынша: 7 бөлім және 55 тақырып, ежелгі кезеңнен XXI ғасырдың басына дейін, сонымен қатар мәдениеттің дамуы мен контекстік тапсырмалар.

ҰБТ-дағы тапсырмалар

  • Міндетті пән: 20 тапсырма, 20 балл (дұрыс жауап үшін 1 балл)
  • Жабық форма - бір дұрыс жауапты таңдау
  • 10 тапсырма - контекстсіз
  • 10 тапсырма - 2 контекст бойынша (әрқайсысына 5 тапсырма)
  • Тапсырма деңгейлері: базалық (А) - 50 %, орташа (В) - 30 %, жоғары (С) - 20 %
  • Бір тапсырманы орындауға орта есеппен 2 минут беріледі
ҰТО спецификациясы (PDF)

Қазақстан тарихынан ҰБТ-да қандай тақырыптар бар?

1Ежелгі кезең

2 тақырып
  1. Орталық Азия және әлемдік өркениет. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі. Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі)
  2. Ерте көшпенділер дәуірі: Сарматтар. Сақтар. Үйсіндер. Қаңлылар. Ғұндар

2Орта ғасыр кезеңі

14 тақырып
  1. VI - IX ғасырдағы Қазақстан. Ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы. Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты
  2. Түргеш қағанаты. Қарлұқ қағанаты. Атлах шайқасы
  3. Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты
  4. X-XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан. Қарахан мемлекеті
  5. Наймандар, керейіттер, жалайырлар. Қыпшақ хандығы. «Дешті Қыпшақ» түсінігі. Шаруашылығы: көшпелі, отырықшы
  6. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы Қазақстан. Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары. Отырар қорғанысы. Моңғол империясының құрылуы. Алтын Орда. Ақ Орда. Моғолстан мемлекеті
  7. Әмір Темір жорықтары. Ноғай Ордасы. Әбілқайыр хандығы. XIII - XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы. Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстан туралы. Шаруашылық. Сауданың дамуы
  8. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақтар – Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық. «Қазақ» этнонимі. Қазақ халқының біртұтас халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталуы
  9. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу алғышарттары. Қазақ хандығының құрылуы (аумағы, халықтың этникалық құрамы). Мемлекеттің негізін салушылар – Жәнібек пен Керей. Қазақ хандығы қалыптасуының алғашқы жылдарындағы ішкі және сыртқы саясаты. Біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызы
  10. Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы. Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
  11. Хақназар хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының одан әрі нығаюы және саяси өркендеуі
  12. Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты
  13. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты
  14. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы

3Жаңа заман

16 тақырып
  1. Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі. Тәуке ханның билігі. «Жеті жарғы». Қазақтың ұлы билері
  2. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы, экономикасы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік
  3. XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың 30 - 40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары
  4. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясы назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы
  5. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты
  6. Отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері
  7. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері)
  8. 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы)
  9. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс)
  10. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары)
  11. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер
  12. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы – XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы
  13. Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты.
  14. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы)
  15. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. Жәрмеңке саудасының дамуы. Сауда қатынастарының дамуы
  16. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы

4Қазақстан XX ғасырдың бірінші жартысында

10 тақырып
  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы
  2. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері
  3. «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы). 1917 жылғы революциялар. «Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқай). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері
  4. Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. «Үш Жүз» қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары
  5. Кеңес билігі органдарының «Алаш-Орда» үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым- қатынасы
  6. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі
  7. «Әскери коммунизм саясаты». 1921 жылғы жұт және аштық. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат
  8. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). «Кіші Қазан» (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың («Бесеудің хаты») қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы
  9. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік «еңбек түзеу» концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир)
  10. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры.

5XX ғасырдың екінші жартысы - XXI ғасырдың басындағы Қазақстан

5 тақырып
  1. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери- өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. «Бекмаханов ісі»
  2. Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда «Хрущевтік кезеңдегі» өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары). Қазақстандағы әскери- өнеркәсіптік кешен («Байқоңыр» ғарыш айлағы). «Жылымық кезеңі». 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір
  3. Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев, Ж. Тәшенов)
  4. Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар). «Қайта құру» жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама- қайшылықтары. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары). «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация». Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы
  5. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. «Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының» қабылдануы. Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңның қабылдануының тарихи маңызы. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы. Қазақстан Республикасының нығаюы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін). Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым- қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа астанасы

6Мәдениеттің дамуы

5 тақырып
  1. Ерте көшпенділер мәдениеті (сарматтар, сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар). Материалдық және рухани мәдениеті. «Аңдық стиль». Есік олжасы – «Алтын адам». Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті; Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері; Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Сарматтардың мәдениеті. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы
  2. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті. Сауда. Қала мәдениеті. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі. Көне түркі жазуы. Түркі әлемінің көрнекті ойшылдары. Қазақстан аумағына исламның тарала басталуы. XIII - XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті
  3. XVI - XVII ғасырлардағы мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері
  4. XIХ ғасыр - XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі. Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин –ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері. Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы. Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К. Халидтің тарихи еңбектері
  5. Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым. Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы. Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер. Өнердің дамуы (театр, кино). Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы. Өнер (театр, кино).Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті.

7Контекстік тапсырмалар

3 тақырып
  1. Құжаттағы тарих
  2. Тарихи тұлғалар
  3. Тарихи карталар мен схемалар

Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ сұрақтары (жауаптарымен)

  • Ежелгі кезең

    Үйсін билеушісінің лауазымы:

    • A) Гуньмо
    • B) Шаньюй
    • C) Қаған
    • D) Жабғу
    Жауабы: A.
  • Орта ғасыр кезеңі

    Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілді:

    • A) 2015 жылы
    • B) 2014 жылы
    • C) 2010 жылы
    • D) 2004 жылы
    Жауабы: A.
  • Қазақстан XX ғасырдың бірінші жартысында

    1917 жылы шілдеде І Бүкілқазақ съезі өткен қала:

    • A) Орал
    • B) Семей
    • C) Орынбор
    • D) Верный
    Жауабы: C.
  • XX ғасырдың екінші жартысы - XXI ғасырдың басындағы Қазақстан

    Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты басталды:

    • A) 1953 жылы
    • B) 1954 жылы
    • C) 1956 жылы
    • D) 1985 жылы
    Жауабы: B.

ҰБТ форматындағы мысалдар, ҰТО банкінен емес.

Пробный ҰБТ онлайн

EduTest-те пробный ҰБТ онлайн тегін: 120 сұрақ, 140 балл, нағыз емтихан форматы. Балл бірден және әр сұрақтың талдауы.

Баға

Баға пакетке және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Оқушыларымыздың нәтижелері

Оқушылар тізіміндегі үздік нәтиже - 140 баллдан 137. Есімдері мен сертификаттары - нәтижелер бетінде.

Барлық нәтижелер

Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар

Қазақстан тарихынан ҰБТ-да неше сұрақ бар?

20 тапсырма, ең жоғары балл - 20: әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Тест 10 контекстсіз тапсырмадан және 5 тапсырмадан тұратын 2 контекстен құралған. Барлық тапсырма - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған жабық формадағы тест тапсырмасы. ҰТО спецификациясы бойынша базалық (А) деңгейдегі тапсырмалар - 50 %, орташа (В) - 30 %, жоғары (С) - 20 %. Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы - 2 минут.

Қазақстан тарихынан ҰБТ-да қандай тақырыптар болады?

ҰТО-ның «2026 жылдан бастап қолдану үшін» спецификациясында тест 7 бөлім мен 55 тақырыпқа бөлінген: ежелгі кезең, орта ғасыр кезеңі, жаңа заман, Қазақстан XX ғасырдың бірінші жартысында, XX ғасырдың екінші жартысы - XXI ғасырдың басындағы Қазақстан, мәдениеттің дамуы және контекстік тапсырмалар. Тест мазмұны орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келеді (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы).

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға нөлден қалай дайындалу керек?

ҰТО спецификациясынан бастаңыз: онда тест тақырыптары 7 бөлім мен 55 тақырыпқа бөлінген. Тақырыптарды ретімен, ежелгі кезеңнен қазіргі заманға дейін өтіңіз, ал контекстік тапсырмаларды (құжаттағы тарих, тарихи тұлғалар, тарихи карталар мен схемалар) бөлек жаттықтырыңыз. ҰТО сайтындағы «Тестілеуге дайындық» бөлімінде ұсынылатын оқулықтар тізбесі, «100 дата» хронологиялық кестесі және контекстік тапсырмалардың мысалдары бар. Қазақстан тарихы бойынша видеосабақтар Dostyq Online курсында бар және ежелгі кезеңнен басталады.

Қазақстан тарихынан қанша балл жинау керек?

Шекті өту балы үшін Қазақстан тарихынан кемінде 5 балл (20 баллдан), ал математикалық және оқу сауаттылығынан кемінде 3 балл (10 баллдан) жинау қажет. Жалпы өту балы (ең жоғары - 140) жоғары оқу орнына және мамандыққа байланысты: әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өзінің өту балын белгілей алады.

Қазақстан тарихын кім тапсырады, шығармашылық мамандықтарға керек пе?

Қазақстан тарихы - толық оқу мерзіміне түсетіндердің бәріне міндетті пән: оған математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән қосылады. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер ҰБТ-ны екі пән бойынша тапсырады: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (30 тапсырма, 30 балл, 70 минут), ал 2 шығармашылық емтихан таңдалған жоғары оқу орнында өтеді. Қысқартылған оқу мерзіміне түсетіндер ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырады. Дүниежүзі тарихы - бейіндік пән: 40 тапсырма, 50 балл, ол таңдалған мамандықтың жұбына кірсе ғана тапсырылады.

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға қандай оқулықтармен дайындалу керек?

ҰТО сайтында ҰБТ-ға дайындалуға арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын оқулықтар тізімі бар: орта білім беру ұйымдарының 6-11-сыныптарының оқулықтары. Спецификацияда да Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі ұсынылады. Тізбе және басқа материалдар - ҰТО сайтының «Тестілеуге дайындық» бөлімінде.

ҰБТ-ға Қазақстан тарихынан дайындық қанша тұрады?

Баға пакетке (видеосабақтар, 10 немесе 11-сыныпқа арналған онлайн курс) және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: осы беттегі формада өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Сондай-ақ қараңыз

Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз - менеджер WhatsApp арқылы хабарласып, пән мен тарифті таңдауға көмектеседі.

Немесе жазыңыз: WhatsApp +7 700 308 16 16