Мазмұнға өту
Бейіндік пән · ҰТО тізбесі бойынша 1 жұп

ҰБТ-ға информатикадан онлайн дайындық

Информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындық: ҰТО спецификациясының тақырыптары 0-ден, соның ішінде Python программалау, деректер қоры және Web-жобалау. Видеосабақтар, аптасына 2 эфир, куратор мен ментор.

тапсырма ҰБТ-да
40
балл ең жоғары
50
спецификация тақырыбы
13
эфир аптасына
2

Кімге арналған

  • 10-11-сынып оқушыларына
  • Информатиканы математикамен жұптап тапсыратындарға
  • Информатиканы 0-ден немесе жүйелеп қайталағысы келетіндерге

Нәтиже

  • Курс ҰТО спецификациясының тақырыптары бойынша құрылған
  • Эфирде В және С деңгейлі теориялық сұрақтар мен тапсырмаларды талдау
  • Ай сайын ҰБТ форматындағы сынақпен деңгейді тексеру

Курс бағдарламасы

ҰБТ-дағы информатика тақырыптары ҰТО-ның «2026 жылдан бастап қолдану үшін» спецификациясы бойынша: 6 бөлім және 13 тақырып. Олардың ішінде компьютер құрылғылары, желілер, Python программалау, деректер қоры, Web-жобалау бар.

Тест құрылымы: 40 тапсырма, 50 балл

  • 25 - төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты, 25 балл
  • 5 - контекст бойынша (1 контекст), 5 балл
  • 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты, 10 балл
  • 5 - сәйкестікті анықтау, 10 балл
ҰТО спецификациясы (PDF)

Информатикадан ҰБТ-да қандай тақырыптар бар?

1Компьютерлік жүйелер

2 тақырып
  1. Компьютердің құрылғылары
  2. Компьютерлік желілер. Компьютерлік желілерді ұйымдастыру. Ақпараттық қауіпсіздік

2Ақпараттық процестер

3 тақырып
  1. Ақпаратты ұсыну және өлшеу. Ақпаратты кодтау
  2. Есептеу жүйелері
  3. Компьютердің логикалық негіздері

3Компьютерлік ойлау

2 тақырып
  1. Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау
  2. Алгоритмдер және программалау (Функция, Рекурсия, жолдармен жұмыс, файлдармен жұмыс, сұрыптау, граф)

4Аппараттық және программалық қамтамасыз ету

1 тақырып
  1. Аппараттық қамтамасыз ету. Программалық қамтамасыз ету

5Ақпараттық процестер мен жүйелер

3 тақырып
  1. Реляциондық деректер қоры
  2. Мәліметтер қорын жасау. Құрылымдалған сұраныстар
  3. Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер. IT Startup (ай-ти стартап) 3D жобалау

6Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру

2 тақырып
  1. Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
  2. Web-жобалау

Сабақтар қалай өтеді

  1. 1Видеосабақ - күн сайын, конспектпен
  2. 2Тақырыптық тест - әр сабақтан кейін 10 сұрақ
  3. 3Тікелей эфир - аптасына 2 рет, В және С деңгейі
  4. 4Кураторлық сағат - сұрақ-жауап
  5. 5Менторға зачет - өткен тақырыптар бойынша
  6. 6Апталық және айлық тест - ҰБТ сынағымен

Информатика бойынша ҰБТ сұрақтары (жауаптарымен)

  • Есептеу жүйелері

    Өрнекті салыстырыңыз 101011₂ ? 7A₁₆

    • A) >
    • B) <
    • C) =
    • D) >=
    Жауабы: B.
  • Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау

    Программа нәтижесі: a="Aqparat" print(len(a))

    • A) 7
    • B) 9
    • C) 10
    • D) 6
    Жауабы: A.
  • Компьютерлік желілер

    Интернетке байланыс орнатуда тораптардан шыққан ақпаратты бағыттаушы құрал

    • A) Роутер
    • B) Коммутатор
    • C) TCP
    • D) Док-станция
    Жауабы: A.
  • Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру

    Excel-де дұрыс енгізілген формуланы тап

    • A) =B1 != D1
    • B) =D4C + F1
    • C) E4*2
    • D) =A5<>C4
    Жауабы: D.

ҰБТ форматындағы мысалдар, ҰТО банкінен емес.

Пробный ҰБТ онлайн

EduTest-те пробный ҰБТ онлайн тегін: 120 сұрақ, 140 балл, нағыз емтихан форматы. Балл бірден және әр сұрақтың талдауы.

Баға

Баға пакетке және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Оқушыларымыздың нәтижелері

Оқушылар тізіміндегі үздік нәтиже - 140 баллдан 137. Есімдері мен сертификаттары - нәтижелер бетінде.

Барлық нәтижелер

Информатика бойынша сұрақтар

Информатикадан ҰБТ-да неше сұрақ бар?

40 тапсырма, ең жоғары балл - 50 (бүкіл ҰБТ - 140 балға дейін). Бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау керек. ҰТО спецификациясы бойынша базалық (А) деңгейдегі тапсырмалар - 50 %, орташа (В) - 30 %, жоғары (С) - 20 %. Бір тапсырманың орындалу уақытының орташа ұзақтығы - 2 минут. Тапсырмалар түсушілердің информатикадан білімін, біліктілігі мен дағдыларын, игерген білімдерін өмірлік жағдайларда пайдалану құзыреттілігін тексеруге бағытталған.

Қандай тапсырма түрлері бар және олар неше балл береді?

25 тапсырма - төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау (25 балл), 5 - контекстке негізделген (5 балл), 5 - сәйкестікті анықтау (10 балл), 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау (10 балл). Сәйкестікті анықтау және бірнеше дұрыс жауапты тапсырмаларда жартылай дұрыс жауап үшін 2 баллдың ішінен 1 балл алуға болады (ҰБТ өткізу қағидаларының 18-тармағы).

Информатикадан ҰБТ-да қандай тақырыптар бар?

ҰТО-ның «2026 жылдан бастап қолдану үшін» спецификациясында 6 бөлім және 13 тақырып бар. Бөлімдер бойынша толық тізім жоғарыдағы «Информатикадан ҰБТ-да қандай тақырыптар бар?» блогында берілген.

Информатика қандай пәнмен жұп болып тапсырылады және қандай мамандықтарға қажет?

ҰТО тізбесі бойынша информатика бір бейіндік жұпқа кіреді. Математика + информатика: информатика мұғалімдерін даярлау, ақпараттық технологиялар, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік, криптология. Жұп білім беру бағдарламаларының таңдалған тобына сәйкес таңдалады.

Информатикадан ҰБТ-ға Python тілін білу қажет пе?

Иә, Python программалау тілі ҰТО спецификациясына кіреді. 6-тақырып - «Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау», 7-тақырып - «Алгоритмдер және программалау (Функция, Рекурсия, жолдармен жұмыс, файлдармен жұмыс, сұрыптау, граф)». Бұл 13 тақырыптың екеуі.

Информатикадан ҰБТ-ға нөлден қалай дайындалу керек?

Информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындық жоспары спецификацияның барлық 6 бөлімін (13 тақырып) қамтуы керек. ҰТО спецификациясы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін ұсынады. Спецификациядан басқа, ҰТО сайтында информатика бойынша ұсынылған оқулықтар тізімі, үлгілік тест нұсқалары және терминдер бар. Онлайн курс 5 ай жүреді және ҰТО спецификациясының тақырыптары бойынша құрылған: видеосабақтар, аптасына 2 рет тікелей эфир, куратор мен ментор. Апта және ай соңында - тест, ай соңында - ҰБТ сынағы.

ҰБТ-ға информатикадан дайындық қанша тұрады?

Баға пакетке (видеосабақтар, 10 немесе 11-сыныпқа арналған онлайн курс) және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: осы беттегі формада өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Сондай-ақ қараңыз

Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз - менеджер WhatsApp арқылы хабарласып, пән мен тарифті таңдауға көмектеседі.

Немесе жазыңыз: WhatsApp +7 700 308 16 16