Мазмұнға өту
Бейіндік пән · тарих, құқық, дипломатия

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-ға онлайн дайындық

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-ға 0-ден дайындық: ҰТО спецификациясы бойынша 13 бөлім, видеосабақ, тақырыптық тест, аптасына 2 эфир, В және С деңгейлі тапсырмалар талдауы.

тапсырма ҰБТ-да
40
балл ең жоғары
50
спецификация бөлімі
13
эфир аптасына
2

Кімге арналған

  • 10-11-сынып оқушыларына
  • Дүниежүзі тарихын географиямен, құқық негіздерімен немесе шетел тілімен бірге тапсыратындарға
  • Дүниежүзі тарихын 0-ден немесе жүйелеп қайталағысы келетіндерге

Нәтиже

  • Курс ҰТО-ның 2026 жылғы спецификациясының тақырыптары бойынша құрылған
  • В және С деңгейлі теориялық сұрақтар мен тапсырмаларды тікелей эфирде талдау
  • Ай сайын ҰБТ форматындағы сынақпен деңгейді тексеру

Курс бағдарламасы

ҰБТ-дағы дүниежүзі тарихы тақырыптары ҰТО-ның 2026 жылдан бастап қолдану үшін спецификациясы бойынша: Ежелгі әлем өркениеттерінен XXI ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылымға дейін. Әр сабақтан кейін - тақырыптық тест.

ҰБТ-дағы тапсырмалар

  • 25 - бір дұрыс жауапты
  • 5 - контекст бойынша (1 контекст)
  • 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
  • 5 - сәйкестікті анықтау
ҰТО спецификациясы (PDF)

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-да қандай тақырыптар бар?

1Ежелгі әлем өркениеттері

3 тақырып
  1. Ежелгі Египет. Ежелгі Месопотамия.
  2. Ежелгі Қытай. Ежелгі Үндістан.
  3. Ежелгі Греция. Ежелгі Рим. Александр Македонский империясы. Парсы империясы.

2Орта ғасырлар кезеңі

8 тақырып
  1. Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары. Рим империясының құлауы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы.
  2. Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым- қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы.
  3. Феодализм. «Феодализм» түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. «Қара індет». Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна д`Арк.
  4. 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Крест жорықтары. Крест жорықтарының себептері, барысы және салдары (1-4 крест жорықтары). Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа және мұсылман әлемі.
  5. Моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат).
  6. Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері. (Франция, Ресей, Англия).
  7. Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Қытай, Жапония, Осман империясы).
  8. Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы.

3Ұлы географиялық ашылулар және олардың салдары

1 тақырып
  1. XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания). Африканың дәстүрлі өркениеттері.

4Жаңа заман

9 тақырып
  1. Жаңа заманның басталуы. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері.
  2. XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және күйреуі. Еуропалық мемлекеттердің Ост-Үнді компаниясы. Франция мен Ұлыбританияның Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі. Британ отарлық империясының құрылуы. ХVIIІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. XІX ғасырдағы еуропалық отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі). Үндістанды басқарудағы өзгерістер. XІX ғасырдың соңында әлемдік отарлық жүйенің қалыптасуы.
  3. Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтік- экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік декларациясы». Америка Құрама Штаттарының күшеюі. «Жапонияны ашу». Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Америка Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік-экономикалық даму.
  4. Француз бұржуазиялық революция. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері. Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі.
  5. XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары.
  6. Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат.
  7. XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі. Еуропалық мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі. Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
  8. Революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко-Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі.
  9. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әлеуметтік- экономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы.

5XX ғасырдың басындағы әлем. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

1 тақырып
  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Қарама – қайшылықтардың шиеленісуі және екі әскери-саяси блоктардың – Үштік Одақ пен Антантаның құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары. Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі.

6Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем

5 тақырып
  1. 1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Саяси күштердің күресі: социалистік партиялар (эсерлер, меньшевиктер, большевиктер), либералдар (кадеттер), радикалдар (анархистер). Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. «Еңбекшілер құқығы туралы Декларация». Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. «Әскери коммунизм» саясатынан «Жаңа экономикалық саясатқа» көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы. Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы. Севр бейбіт келісімі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы және шетел интервенттеріне қарсы күресі. Мұстафа Кемалдың (Ататүрік) тарихи рөлі. Түркия – зайырлы мемлекет.
  2. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Жапонияның Қытайға «21 талабы». Париж және Вашингтон конференцияларындағы «Қытай мәселесі». 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысы. Жаңа мәдениет үшін қозғалысы. Гоминьдан және Қытай коммунистік партиясы. 1925-1927 жылдардағы ұлттық революция және біртұтас майдан мәселесі. Чан Кайши және Нанкин өкіметі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі. Синьхай революциясы және Қытай республикасының жариялануы. Сунь Ятсеннің үш принципі және Қытай республикасының тағдыры. М. Гандидің Үндістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» және басқыншылық саясат. «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пакт». Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты. Дағдарыс қарсаңындағы Жапониядағы экономикалық және саяси жағдай. Агрессивтік сыртқы саясат Жапонияны дағдарыстан шығару тәсілі ретінде.
  3. Әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. Экономикалық және қаржылық реттеудің жаңа түрлерін енгізу. Экономикалық дағдарыс қарсаңындағы АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Уолл-Стриттегі қор биржасының күйреуі. «Қара бейсенбі» және экономикалық дағдарыстың басталуы. Банкроттық және жұмыссыздықтың өсуі. 1932 жылғы «Аштық маршы». Ұлы тоқыраудың тарихи салдары. Джон Кейнстің теориясы – демократия жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің, жаңалиберализмнің негізі. Франклин Делано Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы.Француз фашизмі. Франциядағы «Халықтық майдан» өкіметі. Леон Блюм өкіметінің шаралары, «дирижизм» саясаты. «Капиталды шетелге жіберу». Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Францияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі. Халықтық майданның антифашистік сипаты және оның реформаларының бағдарламасы. 1936 жылғы Матиньон келісімдері. Эдуард Даладье және Халықтық майданның әлеуметтік-экономикалық саясатынан бас тарту. Э. Даладье өкіметінің сыртқы саясаты және Халықтық майданның күйреуі.
  4. Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты.
  5. Германия. 1918-1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыс. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты. Юнг жоспары: Германияны экономикалық дағдарыстан шығару. Рейхстагтың Ұлы тоқырау кезеңінде қабылдаған заңдары және олардың экономикалық дағдарыстан шығарудағы ролі. Ұлтшыл–социализмнің (нацизмнің) идеологиясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Б. Муссолини өкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Фашистік режимге қарсы күресте интернационалдық бригадалардың ролі. Ф. Франко диктатурасының орнауы.

7Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары

2 тақырып
  1. Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Версаль-Вашингтон жүйесінің дағдарысы. Германия мен Жапонияның Ұлттар Лигасынан шығуы. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы. Италия мен Жапония тарапынан басқыншылық әрекеттер. Германияның реваншистік бағыты. Агрессорды «тыныштандыру» саясаты. Германияның Рейн облысын басып алуы. Австрияны қосып алу (аншлюс). Антикоминтерндік пакт. Мюнхен келісімі, Молотов-Риббентроп пактісі, Антифашистік коалиция, Ленд- лиз заңының қабылдануы, «Үлкен үштік».
  2. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік «Жаңа тәртіп». Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. «Екінші майдан» ашу мәселесі. Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барысы. Антигитлерлік коалициядағы одақтастардың жеңісі. Фашистік мемлекеттердің тізе бүгуі және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Нюрнбергтегі, Хабаровскдегі және Токиодағы халықаралық әскери трибуналдар.

8XX ғасырдың екінші жартысындағы әлем

5 тақырып
  1. Маршалл жоспары. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. У.Черчилдің Фултондағы сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік «социалистік лагерьдің» қалыптасуы. 1948-1962 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» негізгі оқиғалары. ГФР мен ГДР құрылуы. Өзара экономикалық көмек Кеңесі. 1950 - 1953 жылдардағы Корея соғысы. 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалар. 1958 жылғы Берлин дағдарысы. Берлин қабырғасының қалануы (1961 ж.). КСРО мен АҚШ-тың космостағы бәсекелестігі. 1962 ж. Кариб (Куба) дағдарысы. Вьетнамдағы соғыс. 1968 жылғы Чехословакия. Ядролық клубтың құрылуы. Қарулану жолындағы жарыс. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) (Хельсинки, 1975 ж.) Қорытынды акті. Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіргізілуі. Биполярлық әлемнен көпполюсті әлемге өту. 1979-1985 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер. Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдердің дағдарысы. «Бархыт революциялары». Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару.
  2. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы). Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. «Араб көктемі»: әлемдік саясат үшін себептері мен салдары. Қазіргі әлемнің жаһандануы. Халықаралық лаңкестік және экстремизм.
  3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Еуропа кеңесі (1949 ж.). «Шуман жоспары» (1950 ж.). Брюссель келісімі (1954 ж.). Еуропалық экономикалық Қауымдастық (1957 ж.). Шарль де Голльдің Бесінші республикасы. Көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі (1952 ж.). 1968 жылғы Франциядағы мамыр дағдарысы. Ұлыбританиядағы Лейбористік өкіметтің «жалпыға бірдей бақуатты мемлекетке» өту бағытындағы шаралары. Г. Макмилланың экономикалық саясаты және Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясының (1960 ж.) құрылуы. Г. Вильсонның экономикалық эксперименттері. Э.Хитт өкіметінің экономикалық саясаты. Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы Жалпыға бірдей бақытты мемлекет» негіздерінің қалыптасуы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлыбританиядағы консерватизмнің жаңа консерватизмге (неоконсерватизм) ауысуы. М. Тэтчер және радикалдық консерватизм. Англия үшінші өнеркәсіптік революция кезеңінде. Швеция үлгісіндегі социал- демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Швед экономикасының аралас моделі. Ұжымдық келісімдер жасақтау жүйесі.Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясы мен швед кәсіподақтарының орталық бірлестігінің бірлескен қызметі. Германиядағы «әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» сипатты белгілері. Германиядағы ХДС пен ХСС партиялары коалициясының экономикалық саясаты. «Аденауэр дәуірі» (1949-1963 жж.). Л. Эдхардттың әлеуметтік - бағдарлық нарықтық экономикасы. В. Брандт өкіметі кезіндегі герман экономикасының өсу деңгейінің төмендеуі. Х. Шмидт өкіметінің дағдарыспен күресі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы мен адамдардың өмір сүру деңгейі.
  4. КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл-әміршіл жүйенің нығаюы. «Хрущев жылымығы». Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. «Тоқырау» кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы). КСРО-дағы Қайта құру және КСРО- ның ашық сыртқы саясатқа көшуі. КСРО-ның ыдырауы.
  5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. ҚКП Бас бағытын қабылдау (1953-1967 жж.) Мао Цзэдунның «Үлкен секірісі». «Мәдени революция». Дэн Сяопин – қытайлық реформалардың «архитекторы». Қытай социализмі. Қытайлық реформалардың жетістіктері. 1950-1960- жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық «экономикалық ғажайыптың» себептері. АСЕАН (Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) құрылуы (1967). Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт-азаттық күрестің күшеюі. Үнді Ұлттық Конгресінің үнді халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі. Күш көрсетпей бағынбау науқаны. Дж. Неру және оның тәуелсіздік үшін күресінің тәсілдері. М.А. Джинна және тәуелсіздік үшін күрестегі Мұсылман лигасының қызметі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздіктерін жариялауы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы. Жаңа және қазіргі заманғы индустриалдық елдердің ортақ белгілері.

9Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы

1 тақырып
  1. Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері. Ежелгі Египет мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Үндістан мәдениеті. Ежелгі Греция мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Eжелгі діни нанымдар. Eжелгі философиялық ойлар.

10Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы

1 тақырып
  1. Ортағасырлық қалалар мен ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері. Исламның пайда болуы. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы. Сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі теңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). Қайта өрлеу. Батыс Еуропадағы Ренессанс мәдениеті. Гуманистік идеялар. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті. Ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми суретінің негізін салушылар және олардың ізбасарлары.

11Жаңа заманда мәдениеттің дамуы

1 тақырып
  1. Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағарту дәуірінің қайраткерлері. «Ағартушылық абсолютизм». Еуропа мен Солтүстік Америкада революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеяларының рөлі. Ағартушылық идеяларының қоғамдық санаға әсері. Ағарту дәуіріндегі Франция мәдениеті. Өнер және оның XIX ғасырдағы бағыттары. Әдебиет және өнер. Әлеуметтік әділетсіздіктің өнердегі көрінісі. Ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдағы ғылыми жаңалықтар.

12XX ғасыр - XXI ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым

1 тақырып
  1. Ғылыми-техникалық прогресс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ-тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Бұқаралық мәдениет.

13Контекстік тапсырмалар

3 тақырып
  1. Құжаттағы тарих.
  2. Тарихи тұлғалар.
  3. Тарихи карталар мен схемалар.

Сабақтар қалай өтеді

  1. 1Видеосабақ - күн сайын, конспектпен
  2. 2Тақырыптық тест - әр сабақтан кейін 10 сұрақ
  3. 3Тікелей эфир - аптасына 2 рет, В және С деңгейі
  4. 4Кураторлық сағат - сұрақ-жауап
  5. 5Менторға зачет - өткен тақырыптар бойынша
  6. 6Апталық және айлық тест - ҰБТ сынағымен

Мұғалім

Досжан Калиев

Досжан Калиев

Дүние жүзі тарихы
  • ҚазҰУ тарих магистрі, PhD бағдарламасының академиялық түлегі.
  • 13 жылдық ҰБТ және тестология саласында тәжірибе.
  • Халықаралық CITO және СНТА сертификаттарының иегері.
  • Әдістемелік оқу құралдарының авторы.
Мұғалім туралы

Дүниежүзі тарихы бойынша ҰБТ сұрақтары (жауаптарымен)

  • Ұлы географиялық ашылулар және олардың салдары

    Үндістанды ашқан теңіз саяхатшысы:

    • A) Ф.Магеллан
    • B) В.да Гама
    • C) Х.Колумб
    • D) А.Веспучи
    Жауабы: B.
  • Орта ғасырлар кезеңі

    Алтын Орданың негізін қалаған кім?

    • A) Бату
    • B) Мұқылай
    • C) Төле
    • D) Үгедей
    Жауабы: A.
  • Жаңа заман

    1884-1885 жылдары Қытайға қарсы соғыс ашқан ел:

    • A) Жапония
    • B) АҚШ
    • C) Франция
    • D) Корея
    Жауабы: C.
  • XX ғасырдың екінші жартысындағы әлем

    КСРО әскерлері Ауғанстанға енгізілді:

    • A) 1978 ж.
    • B) 1979 ж.
    • C) 1975 ж.
    • D) 1977 ж.
    Жауабы: B.

ҰБТ форматындағы мысалдар, ҰТО банкінен емес.

Пробный ҰБТ онлайн

EduTest-те пробный ҰБТ онлайн тегін: 120 сұрақ, 140 балл, нағыз емтихан форматы. Балл бірден және әр сұрақтың талдауы.

Баға

Баға пакетке және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Оқушыларымыздың нәтижелері

Оқушылар тізіміндегі үздік нәтиже - 140 баллдан 137. Есімдері мен сертификаттары - нәтижелер бетінде.

Барлық нәтижелер

Дүниежүзі тарихы бойынша сұрақтар

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-да неше сұрақ бар?

40 тапсырма, ең жоғары балл - 50. ҰТО спецификациясы бойынша базалық (А) деңгейдегі тапсырмалар - 50 %, орташа (В) - 30 %, жоғары (С) - 20 %. Бір тапсырманы орындаудың орташа ұзақтығы - 2 минут.

Қандай тапсырма түрлері бар және олар неше балл береді?

25 тапсырма - төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау (25 балл), 5 - контекстке негізделген (5 балл), 5 - сәйкестікті анықтау (10 балл), 5 - бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау (10 балл). Сәйкестікті анықтау және бірнеше дұрыс жауапты тапсырмаларда жартылай дұрыс жауап үшін 2 баллдың ішінен 1 балл алуға болады (ҰБТ өткізу қағидаларының 18-тармағы). Контекстік тапсырмалар спецификацияда бөлек бөлім болып бөлінген: құжаттағы тарих, тарихи тұлғалар, тарихи карталар мен схемалар.

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-ға нөлден қалай дайындалу керек?

ҰТО спецификациясынан бастаңыз: онда тест тақырыптары 13 бөлімге бөлінген. Онлайн курс 5 ай жүреді және ҰТО спецификациясының тақырыптары бойынша құрылған: видеосабақтар, әр сабақтан кейін тесттер, аптасына 2 рет тікелей эфир, куратор мен ментор. Апта және ай соңында - тест, ай соңында - ҰБТ сынағы.

Дүниежүзі тарихын ҰБТ-да қандай пәндермен бірге тапсырады?

ҰТО тізімі бойынша дүниежүзі тарихы үш бейіндік жұпқа кіреді: география, құқық негіздері және шетел тілі. Жұпты түсетін білім беру бағдарламалары тобы анықтайды: мысалы, тарих, құқық немесе халықаралық қатынастар.

Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихының ҰБТ-дағы айырмашылығы неде?

Қазақстан тарихы - бәріне міндетті пән: 20 тапсырма, 20 балл. Дүниежүзі тарихы - бейіндік пән: 40 тапсырма, 50 балл, ол таңдалған мамандықтың жұбына кірсе ғана тапсырылады.

Дүниежүзі тарихынан ҰБТ-ға қандай оқулықтармен дайындалу керек?

ҰТО спецификациясы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін ұсынады. Тест мазмұны орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келеді (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы).

ҰБТ-ға дүниежүзі тарихынан дайындық қанша тұрады?

Баға пакетке (видеосабақтар, 10 немесе 11-сыныпқа арналған онлайн курс) және пән санына байланысты: 1, 2 немесе 3 пән. Менеджерден нақтылаңыз: осы беттегі формада өтінім қалдырыңыз, менеджер WhatsApp арқылы жазады.

Сондай-ақ қараңыз

Курсқа жазылу

Өтінім қалдырыңыз - менеджер WhatsApp арқылы хабарласып, пән мен тарифті таңдауға көмектеседі.

Немесе жазыңыз: WhatsApp +7 700 308 16 16